АймақБалқашБас тақырып
Қарағанды-Балқаш тасжолының жаңа учаскесі ашылды
Қарағанды-Балқаш автожолының 31 шақырым құрайтын жаңа учаскесінде қозғалыс ашылды.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қарағанды-Балқаш бағытындағы республикалық маңызы бар Астана-Алматы автомобиль жолының учаскесінде қозғалыстың ашылғаны туралы хабарлайды.
– Ақсу ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі жаңадан ашылған төрт жолақты І техникалық санаттағы учаскенің ұзындығы 31 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта осы автожолдың 172 шақырымында қозғалыс ашық, – делінген хабарламада.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тосқауылдар мен уақытша жол белгілері, жылдамдық режимі және жол жұмыстары жүріп жатқаны туралы белгілер орнатылған.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz
Видео: «ҚазАвтоЖол» ҰК