АймақБалқаш

Қарағанды – Балқаш тасжолында жол апатынан 3 адам қайтыс болды

Қарағанды – Балқаш тасжолында болған жол-көлік апаты 3 адамның өмірін жалмады.

– 19 қазанда сағат 02:00 шамасында Шет ауданында Қарағанды – Балқаш тасжолының Ақжал кентінен 10 шақырым жерде Chevrolet Cobalt автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Қарағандыдан Балқашқа қарай бағыт алып бара жатып, алдын ала болжам бойынша, ұйықтап кетіп, жолдың қарсы бағытына шығып, 47 жастағы азаматтың басқаруындағы Mercedes Actros жүк көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, – дейді Шет аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Қуаныш Қажкеров.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Полиция қызметкерлерімен оқиғаның мән жайы анықталып жатыр.

Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жолдың қарсы бағытына шықпауға кеңес береді. Сондай-ақ түнгі уақытта жол жүргенде ұйқы келген жағдайда тынығып, демалғаннан соң жол жүру керек екенін ескертеді. 

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button