Қарағанды-Балқаш тасжолы су тасқынына байланысты жабылды
Қарағанды облысында су тасқынының алдын алу шаралары жалғасуда. Алайда топан су ырыққа көңер емес. Қарағанды – Балқаш тасжолы еріген қар суының жолды алып кетуіне байланысты жабылды.
Республикалық маңызы бар трассаның учаскесі су толып кетуіне байланысты жабылды. Сонымен қатар Ақсу-Аюлы ауылына су кірмес үшін Новостройка ауылының жолын жауып тастады.
ТЖД мамандары түннен бері үлкен топан сумен күресуде.
– 2024 жылғы 29 наурызда сағат 17:00-де еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 1505-1854 шақырымы (Новостройка ауылы-Балхаш қ. учаскесі), сондай-ақ сол жолдың 1610-1618 шақырымында (Ақсу-Аюлы ауылы) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді, – деп хабарлайды ҚазАвтоЖол мамандары.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz