АймақБалқашРесми

Қарағанды-Балқаш тас жолының құрылысы қашан аяқталады?

Қарағанды-Балқаш тас жолының құрылысы – 2018 жылдан басталған болатын. Жоспар бойынша биыл жөндеу жұмыстары аяқталуы керек. Бұл жөнінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр депуттардың жол құрылысына байланысты қойған сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

– Біз жоспарларды түзеттік, негізгі мәселе – қаржыландыру. Республикалық жолдар республикалық бюджеттен және несиелер есебінен қаржыландырылады. Қарағанды-Балқаш жолының 363 км учаскесін қайта құру 2018 жылы басталған, аяқтау 2023 жылға жоспарланған. Мердігерлер жобаны түзетуді аяқтады, оны ИИДМ қарап жатыр, – деді Роман Скляр.

Бұған дейін Роман Скляр Қазақстандағы жылу электр стансалары мен электр желілерін тексерудің аяқталу мерзімін айтқан еді. 

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық жылу электр станциялары мен электр желілеріне ревизия жүргізілді. Аудит осы жылдың бірінші тоқсанында аяқталады. Оның қорытындысы бойынша тиісті іс-шаралар жоспары қабылданады, – деді Роман Скляр.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button