Жаңалықтар

«Қарағанды-Балқаш» тас жолы бойында жол көлік оқиғасы орын алды

«Қарағанды-Балқаш» тас жолында, Ақсу-Аюлыдан 50 шақырым жерде жантүршігерлік жол апаты орын алды. Chevrolet Cobalt пен Volkswagen Passat автокөлігі соқтығысып, салдарынан 3 адам көз жұмды. Бұл оқиға адам өлімімен аяқталған бір тәулік ішіндегі екінші жол апаты ретінде тіркеліп отыр.

 

Екі көліктің соқтығысы салдарынан Volkswagen Passat жеңіл көлігі жолдан шығып кетіп, аударылып қалған. Ол көлікті тізгіндеген 41 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Одан бөлек, Chevrolet Cobalt көлігінің 28 жастағы жүргізушісі мен екі көліктегі жеті жолаушы түрлі дене жарақаттарына байланысты медициналық мекемеге жеткізілді.

– ҚР Қылмыстық кодексiнiң 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық iс тiркелiп, тиiстi сараптамалар тағайындалды. Қарағанды облысының полиция департаменті жол көлік қозғалысы ережелерін катаң сақтауды ескертеміз, – деді полиция қызметкерлері.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button