АймақЖаңалықтар
Қарағанды-Балқаш пойызында вагондар саны артады
Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Қарағанды-Балқаш» пойызында жазда вагондар көбейгенін хабарлады. Бұл туристердің қалаға жетуін жеңілдетпек.

Жаз айларында Балқашқа туристер көптеп келетіндіктен жолаушылар Қарағанды-Балқаш пойызына билет таппайтынын айтып, шағымданған. Сондықтан Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қарағанды-Балқаш пойызындағы вагон санын көбейту туралы шешім қабылдады. Бұл тек жаз айларында болады. Маусым айынан бастап бұл бағыттағы вагондар саны 4-тен 6-ға дейін артпақ.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ