Бас тақырып

«Қарағанды-Балқаш»: автобанның 94 шақырымы ашылды

«Қарағанды-Балқаш» бағытындағы төрт жолақты автобанның участкелері кезең-кезеңмен пайдалануға берілуде. Бұл жолы Ақсу-Аюлы кентінен бастап Ақшатау кентіне дейінгі ұзындығы 94 шақырым болатын учаскесінде қозғалыс ашылды. Жалпы, қазіргі таңда автомобиль жолының 260 шақырымында қозғалыс ашық.

Сурет qaj.kz

«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ облыстық филиалының берген хабарламасында:

– Республикалық маңызы бар «Алматы-Екатеринбург» автомобиль жолының учаскесінде (1492,4-1855 км, «Қарағанды-Балқаш» тас жолы) төрт жолақ бойынша қозғалыс кезең-кезеңімен іске қосылуда. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жылдамдық режимі және жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуі туралы тосқауыл қоршаулар мен уақытша жол белгілері орнатылды, – делінген.

Сонымен қатар, автокөлік жүргізушілерінен жол ережелерін қатаң сақтауды, жол белгілеріне назар аударып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде жылдамдықты асырмауды сақтауды сұрайды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button