Бас тақырыпБасты тақырып
Қарағанды – Астана бағытындағы автожол уақытша жабылды
Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа райының күрт өзгеруі мен жауын-шашынның күшеюіне байланысты Қарағанды – Астана бағытындағы республикалық маңызы бар автожол уақытша жабылды.

Осыған орай, Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген қызмет режиміне көшті.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, алыс жолдарға шықпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



