Қарағанды – Астана бағытына жаңа жайлы пойыз жолға шықты
Қарағанды – Астана бағыты бойынша Comfort+ форматындағы жаңа электр пойызы іске қосылды. Бұл жоба жолаушыларға қолайлы әрі инклюзивті жағдай жасауға бағытталған.
Электр пойыз алты заманауи вагоннан тұрады және 576 жолаушыны тасымалдауға қауқарлы. Вагондар еуропалық стандарттарға сай жабдықталған, ал салонның жақсартылған жоспарлануы мен дизайн шешімдері сапарды барынша жайлы етеді.
Әр орын USB ажыратқышпен жабдықталған, бұл мобильді құрылғыларды жол бойы қуаттауға мүмкіндік береді. Вендингтік автоматтар арқылы жеңіл тағамдар мен сусындарды сатып алуға болады. Барлық вагондарда заманауи биодәретханалар орнатылған, оның ішінде мүгедектігі бар жолаушыларға арналған арнайы кабиналар да бар.
Қозғалысы шектеулі жолаушылар үшін автоматты жылжымалы баспалдақтар қарастырылған.
Жаңа электр пойызы тек жайлылықты ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздікті де қамтамасыз етеді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА