Аймақ

Қарағанды-Астана автобусы жолға шығады

Қарағанды-Астана бағытындағы автобус үш жылдан бері пандемия кезінде жолаушылар санының күрт азайып кетуіне байланысты қатынауды тоқтатқан. 17 шілдеден бастап Қарағандыдан Астанаға автобус қайта қатынайтын болады.

Соңғы уақыттары қарағандылық тұрғындар автобус рейсінің жетіспейтіндігіне шағымдана бастаған. Әркімнің өз көлігі бола бермейді және де кейбіреулері республикалық трассалардағы апаттардың көбеюіне байланысты өз өмірлерін такси жүргізушілеріне сеніп тапсыра алмайтындарын айтып жеткізген.

Бүгін, 4 шілдеде Қарағанды автовокзалы Астанаға бағыттындағы автобус өз жұмысын қайта бастағаны туралы хабарлады. Рейстер қалалар арасында осы жылдың 17 шілдесінен бастап күн сайын жүре бастайды. Автобус Осакаров ауданы арқылы өтеді. Кету уақыты: 7:00, 10:00, 13:00, 16:00.

– Билеттерді Теміртау, Топар, Шахан, Қарқаралы автостанцияларының кассаларынан және автовокзал терминалдарынан сағат 6.00-ден 23.00-ге дейін үзіліссіз және демалыс күндерінсіз сатып алуға болады. Онлайн брондау және билеттерді сатып алу автобус жөнелтілгенге дейін 30 күн бұрын ашық, – дейді қалалық автовокзал мамандары.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button