Жаңалықтар

Қарағанды ардагерлері Жеңіс күні мерекесіне 1,5 млн теңгеден алды

Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері 1,5 млн теңгеден алып, есепшоттарына аударылды. Қазір аймақта барлығы 13 соғыс ардагері тұрады.

Сурет: el.kz

4 мың тыл еңбеккері, 11 Ленинград блокадасы және 37 концлагерь тұтқыны да Жеңіс күні мерекесінен тыс қалмаған.

Соғыс жылдарында барлығы 45 мың қарағандылық майданға аттанып, оның 18 мыңы қайтып оралмаған.

– Қарағанды облысы бойынша тек үш өңірде соғыс ардагерлері қалды. Оның 9-ы Қарағандыда, 3-еуі Теміртауда, 1-еуі – Осакаров ауданында тұрады. Ең жас ардагер – 93 жаста, қалғандарының жасы  үлкен,-дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Ермек Нүксуев.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button