Руханият

«Қарағанды – қара өлең»

Қарғандының орталық саябағында әдеби-сазды кеш өтті. Саябақ сахнасында ақындар кеншілер шаһарына арнаған өлеңдерін оқыды, әншілер ән шырқады. Бұл – Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының қалалық әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырып отырған кезекті шарасы.

Қарағандыдағы саябақ
Сурет: ұйымдастырушылардан

Нұрлан Әбілдин, Айбек Байтөре және Эльмира Сайлауқызы мен Салтанат Қайырбек есімді оқырманға танымал ақындар Қарағанды жайлы өлеңдерін оқыды. Ел ішінде «Қара Дәулет» деп даңқы шыққан Дәулет Ырысбайұлының «Қарағандым» әні сазды көштің басы болды. Одан кейін шаһардың келбеті мен тарихын мазмұнына арқау өткен өзге де хит туындылар орындалды.

Қарағандыдағы саябақ

– Шуақты шілденің әр сенбісінде Орталық саябақта қарағандылық ақындар мен әншілер, сазгерлер мен суретшілер кездесіп, шығармашылық байланыс орнатып жүр. Бұл – жақсы үрдіс. Аталмыш шараға мұрындық болған Қарағанды қаласының әкімдігіне алғыс зор. Жастарды үнемі қолдап жүр. Тамыздың 5-і күні «Қарағанды – қара өлең» жобасының қорытынды кеші өтеді деп жоспарланып отыр. Бұған дейін болған 4 поэтикалық кеш осы жобаның аясында ұйымдастырылды. Жаздың жұпарлы кешінде өтетін осындай рухани кештер келер жылы да жалғасын табады, – дейді «Қарағанды – қара өлең» жобасының авторы Асхат Қажытай.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button