АймақҚарқаралы

Қарағанды-Қарқаралы тасжолының 39 шақырымы жөнделді

Қарағанды облысында Қарқаралы тасжолын жөндеу қажеттілігі көптен бері өзекті болып келе жатқан мәселе. Қарқаралы ауданының тұрғындары бұл туралы бірнеше мәрте өтінген еді. Бүгінгі таңда аталмыш жол кезең-кезеңмен ретке келтірілуде. Жоба өткен жылы басталды. Биыл жоспарланған 44 шақырымның 39-ы жөнделді.

Суреттер: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Қарқаралы ауданына жұмыс сапары кезінде жол жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.

Асфальтты ауыстырудан бөлек, төрт автобус павильоны орнатылып, су өткізу құбырлары жабдықталды. Орташа жөндеумен қатар шұңқырлы жөндеу жүргізілуде. 44 км жол қазан айының соңына дейін толық аяқталуы тиіс. Келесі жылы жөндеу жұмыстары жалғасады – жоспарда тағы 58 шақырым жолды қалыпқа келтіру қарастырылған. Сонымен қатар, жол бойында биодәретханалар орнатылып, санитарлық-гигиеналық тораптар жабдықталады.

Ермағанбет Бөлекпаев мердігерге жолдың аса қауіпті жерлеріндегі шұңқырларды тегістеу қажеттігін атап өтті. Өңір басшысы төселген асфальттың сапасын қатаң қадағалауды тапсырды.

Қарқаралыда тұрғын үй мәселесін шешу жалғасуда. Аймақ басшысы 18 пәтерлі екі үйдің құрылыс алаңында болды. Жұмыстар аяқталып, жыл соңына қарай жаңа ғимараттарда әлеуметтік тұрғыда қорғалатын кезекте тұрғандар пәтер алады. Бүгінде Қарқаралыда тұрғын үй кезегінде 461 адам тұр.

Туризмді дамыту – Қарқаралы ауданының басым бағыттарының бірі. Қазір мұнда 37 демалыс үйі мен турбазалар жұмыс істейді және жаңалары салынуда. Қазір “Плотина” су қоймасының жағалауы келешекте туристер демалуға келетіндей етіп жақсартылуда.

Ермағанбет Бөлекпаев сондай-ақ күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандарға барды. Орталық стадионда футбол алаңы, жүгіру жолы және көрермендерге арналған трибуналар жаңартылады. Облыс әкімі мердігерге бірқатар ескертулер жасады, құрылыс қарқыны мен жұмыс сапасы бойынша наразылықтар бар. Жергілікті билік органдарына бақылауды күшейту, жұмыс толық орындалмаса және ақаулар болған жағдайда заң аясында шаралар қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ биыл Ш.Жандарбекова атындағы Мәдениет үйі жөнделе бастады. Екі нысанның да қалыпқа келтіру жұмыстары келесі жылы жалғасады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button