Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағанды – Алматы жолы жаңарды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық құрылтай отырысында кемінде 12 мың шақырым автожолды реконструкциялау және жөндеуден өткізуді тапсырған. Осы орайда «Қарағанды – Алматы» (885 км) бағытындағы реконструкциялау жұмысы аяқталды.

Сурет https://kolesa.kz/

Өткен  жылдың қорытындысы бойынша қойылған міндеттерді орындау шеңберінде 12 мың шақырым жолға құрылыс, жөндеу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілді, оның 7 мың шақырымында негізгі жұмыстар аяқталды. Жобаға 10 мыңнан астам техника мен 25 мың маман қатысты. Нәтижесінде, республикалық маңызы бар жолдардың қалыпты жағдайы 93%-ға, ал жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы 89%-ға дейін жақсарды.

Негізгі басымдықтардың бірі стратегиялық маңызы бар төрт автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстарын аяқтау. Осы орайда «Қарағанды – Алматы» (885 км): төрт жолақты, заманауи тосқауыл қоршаулары және толық жарықтандыру арқылы бірінші техникалық санатқа дейін реконструкциялау жұмысы аяқталды. Жоба аясында 33 көпір, 48 өткел салынып, сондай-ақ 700 су өткізгіш құбыр орнатылды.

«Жүк көліктерінің шамадан тыс жүктемесін бақылау үшін 2025 жылдың аяғына дейін 220 автоматтандырылған өлшеу стансасы орнатылады. Цифрландыруға айрықша көңіл бөлінуде. Электронды билеттер, цифрлық диспетчер қызметі, алдын ала техникалық қызмет көрсету, интеллектуалды көлік жүйелері енгізіліп жатыр», — деді көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button