Коронавирус

Қарағанды қаласының тұрғынынан коронавирус анықталды

Бүгін Қарағанды облысында тағы бір азаматтан коронавирус анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

“79 жастағы ер адам  пневмониямен пульмонологиялық орталыққа жатқызылды. Тексеру барысында одан коронавирус инфекциясы анықталды. Жалпы алғанда облыста  COVID-19 жұқтырудың 82 жағдайы тіркелген. Олардың ішінде 1 адам қайтыс болды, 2 пациент жазылып шықты”, – делінген хабарламада.

Басқа материалдар

Back to top button