Аймақ

Қарағанды қаласының Михайлов бөлігіндегі жол учаскесі жабылады

«Қарағанды Су» ЖШС 27 шілдеден 27 тамызға дейін Смелый тұйық көшесіндегі автожол, атап айтқанда Баженов көшесінен Западная көшесі, 91-үйге дейінгі жолдың жабылатыны туралы хабарлайды.

 

Инвестициялық бағдарлама бойынша 27 шілдеден «Қарағанды Су» ЖШС бригадасы көлденең бағытталған бұрғылау қондырғысын қолдана отырып, траншеясыз технология бойынша су құбыры желісінің 320 метрін ауыстыруға кіріседі.

Траншеясыз технология қолданыстағы инфрақұрылымды бұзбастан, құбырларды ауыстыруға мүмкіндік береді.
«Қарағанды Су» ЖШС жүргізушілерден айналма жолды алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button