Қарағанды қаласының әкімі мен қалалық мәслихат төрағасының құттықтауы
Асыл аналар, аяулы арулар!
Осы көктем мерекесінде біз, ер-азаматтар, бізге күн сайын көрсетіп отырған қамқорлықтарыңыз бен қолдауларыңыз, жылулық көрсеткендеріңіз үшін тағы да шынайы алғысымызды білдіруге мүмкіндік алдық.
Біздің аяулы аналарымыз, жарларымыз, әжелеріміз, апаларымыз, қыздарымыз, Сіздердің арқаларыңызда мәңгілік құндылықтар – махаббат пен отбасы мызғымайды.
«Әйел – қырық шырақты» демекші, Жаратушы Иеміз Сіздердің таусылмайтын бойларыңызға шыдамдылық, жүректеріңізге даналық және бекем сенімділік құйған.
Әйел жаны қанша нәзік болса да, қоғамдағы ең қиын мәселелерді қалай оңай шешетіні және жалғыз өзі небір ауқымды шараны шебер ұйымдастыратыны бізді таң қалдырады.
Әр адам мамандығына қалай адал болуды, елдің ертеңі үшін аянбай тер төгуді, адал еңбек арқылы табысқа жетуді және түк болмағандай күліп-ойнап жүруді сіздерден үйренсе ғой, шіркін!
Шын жүрегіммен Сіздердің отбасыңызда сүйікті және ұжымда сыйлы, ел ішінде еңселі болуларыңызға тілектеспін!
Достарыңыз Сіздерді төбесіне көтерсін, аңсаған арман-тілектеріңіз орындалып, биік белестерді бағындыра бергейсіздер!
Сіздер біздің өміріміздің мәні мен сәнісіздер! Біз үшін үнемі нұр шашқан көктемдей өміріміздің хош иісті гүлі болып қаласыздар!
Мейрамдарыңыз құтты, денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Мейрам КОЖУХОВ,
Қарағанды қаласының әкімі.
Алтынтөре БУКЕНОВ,
қалалық мәслихаттың төрағасы.