Бас тақырыпКоронавирус
Қарағанды қаласында екі адам коронавирустан жазылды
Қарағанды облысында коронавирус инфекциясынан жазылған науқастардың саны 19 адамға жетті. Бүгін кеншілер шаһарының екі тұрғыны індеттен толық жазылып, ауруханадан шығарылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
“1959 жылы туған әйел адам мен 1990 жылы туған ер адам індеттен жазылды. Олар толық емдеу курсынан өткен соң 2 мәрте ПТР сынамасын тапсырды. Зерттеу нәтижесінде вирус анықталған жоқ. Осыдан соң, олар 14 күнге үй карантиніне жіберілді”, – делінген хабарламада.