Қарағанды қаласында 11 адам коронавирустан жазылды
Бүгін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясына шалдыққан 11 адам сырқаттан сауықты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
“1960 жылы, 1984 жылы, 1989 жылы, 1991 жылы, 1992 жылы, 2015 жылы туған әйелдер және 1958 жылы, 2003 жылы, 2008 жылы, 2012 жылы, 2007 жылы туған ер адамдар індеттен сауықты. Олардың барлығы Қарағанды қаласының тұрғындары. Госпитальге түскен кезде 10 науқастың жағдайы жеңіл және 1 науқастың жағдайы орташа деп бағаланды. Толық емдік курстан өткен соң 2 мәрте ПТР (полимеразды тізбекті реакция) сараптамасын тапсырды. Зерттеу нәтижесінде вирус анықталған жоқ. Осыдан соң, олар 14 күндік карантинге жіберілді. Жалпы алғанда, аймақта коронавирустан жазылған науқастардың жалпы саны 30 адамға жетті”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, бүгін Теміртау қаласында 1987 жылы туған азаматтың сырқатқа шалдыққаны анықталды. Ол вирус табылған кезде карантиндік госпитальде болған.