АймақРесми

Қарағанды қаласы әкімінің жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметіне Қайрат Қамзин тағайындалды

Қарағанды әкімінің жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы мәселелері жөніндегі орынбасары болып Қамзин Қайрат Амангелдіұлы тағайындалды.

Қайрат Амангелдіұлы 1976 жылы туған. Екі жоғары білімі бар: техникалық және экономикалық.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2005 жылы Қарағанды облысы бойынша техникалық реттеу және метрология комитеті басқармасының жетекші маманы қызметінен бастады, 2006 жылдан бастап 2007 жылға дейін Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы лауазымын атқарды, 2007 жылдан 2010 жылға дейін Қарағанды облысы бойынша ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінде әртүрлі лауазымдарды атқарды, 2010 жылдан 2012 жылға дейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2012 жылдан 2021 жылға дейін Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімі қызметін атқарды.
2021 жылдан 2022 жылға дейін «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ бас мемлекеттік құрылыс инспекторы қызметін атқарды.
2022 жылдың шілдесінен 2022 жылдың қыркүйегіне дейін «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысы қызметін атқарды.
2022 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімі қызметін атқарды.
Осыған дейін Қарағанды қаласы әкімі орынбасарының лауазымын атқарған Тайхан Қалмаханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button