Қарағанды агломерациясының көлік жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары әзірленді
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ғалымдары өңірлік агломерацияның көлік жүйесіне кешенді ғылыми зерттеу жүргізіп, 2030 жылға дейінгі даму жоспарын әзірледі. Құжатқа 50-ден астам іс-шара енгізілген.

Жоба жолдардағы жүктемені азайтуға, тұрғындардың мобильдігін арттыруға және жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.
Облыс әкімдігінде өткен кеңесте «STU-ENGINEERING» ғылыми-техникалық орталығының директоры Оюм Балабаев зерттеу нәтижелерін таныстырды. Жоба аясында көлік жүйесінің цифрлық негізі, қоғамдық көліктегі жолаушылар ағынын бақылау жүйесі және Теміртау трамвай жолдарының цифрлық моделі әзірленді.
Жоспарда BRT енгізу, қала маңы теміржолын дамыту, веложолдарды кеңейту, көлік айрықтарын салу және қауіпсіз жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын жетілдіру қарастырылған. Жобаны іске асыру Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Сарань және Абай қалаларын бірыңғай тиімді көлік жүйесіне біріктіруге мүмкіндік береді.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



