Қарағандыға «Шахмат керуені» келді
Ерекше шыны киіз үй, үлкен шахмат фигуралары Н. Әбдіров атындағы спорт сарайының алдындағы алаң «Шахмат керуенінің» кездесу алаңына айналды.
Қарағанды ауқымды жоба жолындағы төртінші қала болды.
Спорттық керуеннің басты мақсаты кішкентай баладан бастап егде жастағыларға дейін Қазақстанның барлық тұрғындарын шахмат ойынымен қызықтыру. Өйткені, бұл зияткерлік спорт 4 жастан бастап балаларға қол жетімді.
– Қазір Қазақстанда шахмат ойыны кең етек жайып жатыр. Супер жетістік – біздің әйелдер командасы қыркүйек айында Польшада екінші орын алды. Керуеннің міндеті – ойынды насихаттау және Қазақстандық шахмат федерациясының өңірлерде филиалдарын құру. Әсіресе, ауылдардағы балалар шахмат ойнай алатындай етіп, сыртта жүруіміз керек. Бүгінгі таңда Үкіметтің Қазақстанда шахматты кешенді дамыту туралы қаулысы қабылданды. Екі жыл ішінде бастауыш сынып оқушыларының 20% қамтуды жоспарлап отырмыз. Болашақта біздің еліміздегі шахмат мектеп пәніне айналуы мүмкін. Бұл өскелең ұрпаққа пайда әкеледі, – деп есептейді Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Марат Есенов.
Мобильді зал-киіз үйде халықаралық гроссмейстер, шахматтан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Павел Коцурдың 10 бастаушы шахматшылармен бір мезгілде ойнау сессиясы өтті.
Сол жерде шахмат турнирінің жартылай финалы өтті. Оған Конституция Күні қарсаңында өткен іріктеу жарысының 20 жеңімпазы қатысты.
Қарағанды облысынан гранд-финалға Мадияр Алтынбекұлы, Әбуәлі Ысқан, Дінмұхамед Әмрин шықты. Олар басқа өңірлердің жеңімпаздарымен бірге 10 қарашада Түркістандағы қомақты жүлде үшін күресетін болады.
Қарағандылық шахматшы Мадияр Алтынбекұлы 14 жасында ерлер арасында және 15 жасқа дейінгі санатта облыс чемпионы, 17 жасқа дейінгі санатта қала чемпионы.
– Шахматпен 6 жылға жуық айналысамын. Бұл ойынды маған әкем үйретті. Бұл үстел ойыны маған оқуға көмектеседі, Мен математиканы жақсы білемін. Мен бұл турнирге дайындалдым, дебюттерді көрдім, ойнадым, – дейді Мадияр Алтынбекұлы.
Қарағандыдан кейін «Шахмат керуені» Павлодарға жол тартады.