Жаңалықтар

Қарағандыға Бразилия губернаторы келді

Облысқа делегация құрамында Бразилия ФР Баия штатының губернаторы Руи Коста дос Сантос келді. Аймақ әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕКПЕН кездесуде облыстық Бразилиямен өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Аймақ басшысы қонақтарға әлеуметтік-экономикалық даму және ерекше салық және кедендік режимі бар индустриялық аймақтар туралы айтып берді.

– Біздің облыстың өнімі әлемнің 50-ден астам еліне экспортталады. Өкінішке орай, Бразилия экспорттық картада әлі жоқ. Бүгінгі кездесу одан әрі табысты ынтымақтастыққа оң серпін береді деп сенемін, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Бразилия ФР Баия штатының губернаторы Руи Коста дос Сантос өз кезегінде жылы қабылдау мен елдер арасында байланыс орнату мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.

– Бізде Қарағанды облысымен тек әлеуметтік-экономикалық қана емес, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық салада да ынтымақтастыққа қызығушылық бар. Біздің штаттың аумағын Франциямен салыстыруға болады. Климаттық жағдайлар қолайлы. Экономика мен өнеркәсіп айтарлықтай әртараптандырылған. Сіздердің салаларыңызбен өзара серіктестікті жолға қою және өзара тиімді жобаларды іске асыру жоспарда бар, – деді Руи Коста дос Сантос.

Руи Коста дос Сантос ортақ мүдделерді анықтау мақсатында жұмыс тобын құруды ұсынды. Бизнес өкілдеріне өзара қарым-қатынас жасауға көмектесуді көздейтінін жеткізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button