Қарағандыға «АНТ» технологиясы таныстырылуда
Қарағандыда жол жөндеуде кәдеге жарайтын шебіндер пайдаланусыз қалуда. Облыстың әр аймағында қалдық ретінде үйіліп тұрғандықтан, бір жағынан олар экологияға зиянын тигізуде.
Шебінді қолдану арқылы жол сапасын арттыруға болады. Ол баға жағынан да тиімді. Бұған тау-кен және металлургия өнеркәсібінің қалдықтары сияқты әртүрлі материалдардан монолитті тас тақтаны жасайтын ресейліктердің «ANT Stone Roads» технологиясы мүмкіндік береді.
Бүгінде Қазақстанның алты облысында жүзеге асқан «АНТ» жобасы тәжірибе жүзінде өзінің тиімділігін көрсетті. Алайда, жаңа технологияны қолданудан тек Қарағанды облысы тыс қалып отыр. Осы орайда ресейліктер облысқа арнайы келіп, «ANT» технологиясын таныстыруда. «Аnt-engineering» ЖШС ұйымының директоры Виктор Батаков семинар аясында «ANT» -ны тәжірибе жүзінде теориялық тұрғыда түсіндіруде.
Төрт күндік семинар аясында «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының» филиалында топырақты нығайту және тұрақтандырудың қолданыстағы технологиялары мен әдістері көрсетіледі деп күтілуде. Сондай-ақ, ресейліктер асфальтбетонды ыстық регенерациялауды зертханалық жұмыс түрінде ұсынбақшы.
«АНТ» автомобиль жолдарын салу және жөндеу технологияласын Прибалтика, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен өкілдер тамашалайтын болады. Семинарға қызығушылық танытқандар арасында Нұра ауданынан келген жол сапасының мамандары бар.
Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.кz