Қарағандыға 20 мың шаршы метрден асатын сауда үйі салынады
«Алтын арба» базарының басшылығы Қарағандыға 20 мың шаршы метрден асатын сауда үйін салуды жоспарлап отыр. Құрылыс жұмыстарының басталуы төртінші тоқсанға белгіленген.

Бұл жайлы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында белгілі болды.
Арман Шаққалиев базарларды жаңғырту Парламенттің бақылауында екенін атап өтті. Белгіленген мерзімде жұмыстарын аяқтамаған нысан иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті базарлардың қызметі тоқтатылуы мүмкін.
–Біздің басты мақсатымыз – сауда нысандарын тек жаңарту ғана емес, сатып алушылар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау. Базарларды жаңғырту халықтың өмір сапасымен және өркениетті сауданың дамуымен тікелей байланысты, – деді министр.
Аяулым СОВЕТ