Қарағанды 3-ЖЭО жылыту маусымына дайындалуда
Қарағандығы 3-Жылу электр орталығының екі қазандық пен турбинасында жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Ал, № 5 қазандықты күрделі жөндеу – жылу электр орталығының жөндеу науқанындағы ең ірі жұмыс. Әдеттегіден көлемдірек, күрделі және масштабтан тыс жұмыс 120 күнге созылады. Бүгінгі күнге дейін энергетиктер барлық қыздыру бетін, яғни, 250 тоннадан астам металл толығымен ауыстырылмақ, деп хабарлайды Ortalyq.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Буды барынша жылытуға арналған экрандық панельдерді, радиациялық және қабырғаға орнатылған бу қыздырғыштарды жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Дәнекерленген орындардың сапасын анықтау үшін қажет қазандық қондырғысын гидравликалық престеуден кейін, жылу оқшаулағышты орнатуға кіріседі.
Жұмыстың бір бөлігі газ тазартқыш қондырғыларды – эмульгаторларды алмастыруға байланысты. Олардың артықшылығы-түтін газдарын күлден сапалы тазартады.
Қазандық қондырғысын жөндеу оның тозуын 30%-ға азайтады, ал экологиялық жағынан отын шығыны мен қоршаған ортаны ластаудың төмендеуіне әкеледі.
№ 4 турбоагрегатта кеңейтілген-ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуда. Мұнда турбинаның ағынды бөлігіндегі барлық цилиндрлерді ашып, орташа қысымды роторды ауыстырды, генераторды күрделі жөндеуден өткізді; турбина мойынтіректерінің кірістерін қайта құю арқылы тіректерді жөндеді; жоғары қысымды жылытқыш жөнделді.
Электротехникалық жабдық қалпына келтірілді және технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі жаңғыртылды.
№ 7 қазандық агрегатының типтік ағымдағы жөндеуі кезінде экрандық панельдердің, бу қыздырғыштардың, шаң құбырлары мен газ құбырларының, бекіту және реттеу арматурасының ақаулы учаскелері тексеріліп, жөнделді.
3-ЖЭО-да қыс мезгіліне тек негізгі ғана емес, сонымен қатар қосалқы жабдықтар да дайындалады: сорғы шаруашылығына, электр жабдықтарына, ғимараттар мен құрылыстарға қажетті жөндеу жұмыстары тексеріліп, жөнделеді; қаланы жылытуға желілік су беруге және жылыту үшін қызмет ететін жабдықтары жүйесіне, түтін құбырына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.