Қар, жауын, аяз: алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болмақ?
Алдағы демалыс күндері елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың батысы мен солтүстігінде қар жауып, қарлы боран байқалады.
– Атлантикалық циклон бірте-бірте солтүстік-шығысқа, ал оның артына елдің оңтүстік-батысынан антициклон жылжиды, осылайша, жауын-шашын біртіндеп тоқтайды. Ауа температурасы қысқамерзімді төмендеуі мүмкін. Түнде солтүстік облыстарда 5-10 аязға дейін күн суытады, – дейді синоптиктер.
Атлантикадан басқа циклон батыстан жылжып келе жатқандықтан, антициклон Қазақстан аумағынан шығып кетеді. Соның салдарынан қайтадан тұрақсыз ауа райы болады.
– Жауын-шашын аязды жаңбыр түрінде болады және қар жауады. Жел қарлы боранмен күшейіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ал температура фонында күрт өзгерістер болмайды. Көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болжанатын оңтүстік өңірлерде күн жылы болады, – делінген хабарламада.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



