Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарғын суға қамданыс қалай?

Қарағанды облысында су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, мамандар Қарқаралы ауданы Қоянды ауылына жақын Қарасор көлінде мұз кептелістерін жою үшін 600 шаршы метр аумақта мұзды жарған.

Сурет: ТЖД

Осындай шаралар Нұра, Өткелсіз, Жаманқон, Құланөтпес, Есіл және Үлкен Құндыз өзендерінде де өткізіліп, жарылыс жұмыстары 14 мың шаршы метрді қамтыған.

Сондай-ақ, өңірде арықтар тазартылып, 2,3 миллион текше метрден астам қар шығарылып, 11 тоннадан астам инертті материал төселген.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button