Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарғынға дайындық – қарқынды

Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, аймақта су тасқынына дайындық қызу жүріп жатыр. Гидротехникалық құрылыстарды тексеру жұмыстары жүргізіліп, қаражат резерві жасақталуда. Сондай-ақ эвакуацияланған халықты қабылдау пункттері де дайын.

Суреттер: ТЖД

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қазірдің өзінде су тасқыны қаупі бар елді мекендерге шығып, жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстарын, материалдық-техникалық ресурстарды, көктемгі кезеңге дайындығын тексерген. Сонымен қатар, облыстың негізгі гидротехникалық құрылыстарына тексеру жұмыстары жүргізілуде.

– Бүгінде облыста 15 мың тонна жанар-жағармай, 5 мың тонна азық-түлік, 75 мың тонна инертті материал, 139 мың дана қап дайындалып, материалдық-техникалық және қаржылық ресурстардың қоры жасақталды. 800 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Эвакуацияланған халықты қабылдау пункттері дайындалды. Өңірдегі өзендерде жарылыс жұмыстарын жүргізуге келісім-шарттар жасалды, – дейді ТЖД баспасөз қызметі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button