АймақЖаңалықтар

Қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Кеше облыста тұрғындар құтқарушылардың шұғыл көмегін қажет еткен екі оқиға болды. Алғашқы жағдай Ақтоғай-Нұркен-Ақжал тас жолында болған. Ішінде 2 жолаушысы бар көлік қар құрсауында қалып қойып, құтқарушылардың көмегіне жүгінуге тура келген. Оқиға орнына дереу құтқару тобы жіберіліп, төтенше жағдайлар қызметі екі адамды көліктен шығарып, ауылға жеткізді. Олар медициналық көмекті қажет етпеген.

Сурет: ТЖД

Екінші оқиға Балқаш қаласынан 140 шақырым жерде Саяқ ауылы бағытында болған. Құтқарушылар түннен бері сорғы станциясынан көлікпен қалаға қарай шығып кетіп, жоғалып кеткен екі ер адамды іздестіруде.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button