Қар құрсауынан құтқарды

Кеше кешкісін Теміртау қаласынан 8 шақырым жерде ТЖД қызметкерлері қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктен төрт адамды құтқарды. Құтқарылған адамдар Теміртау қаласына жеткізілді деп хабарлайды Оrtalyq.kz Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Абай ауданындағы Сасықкөл көлінде балық аулап жүрген екі балықшы қар құрсауында қалды. Ер адамдар ТЖД күштерімен құтқарылып, Новодолинка ауылына жеткізілді. сонымен қатар, Бұқар жырау ауданында тағы екі балықшы құтқарылды. Балықшылардың көлігі Ащысу су қоймасы маңындағы қар көшкінінде қалып қойды.

Нұра ауданының Балықтыкөл ауылында ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен туыстарының күшімен 1980 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізілді, ол сағат 11:00-де мал іздеуге снегоходпен шығып, оралмады. 22 желтоқсан күні сағат 04:19-да іздестіру тобы жоғалған адамды Балықтыкөл ауылынан 20 км қашықтықта тапты. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.