Жаңалықтар

Қар күрт ерімейді

Облыс бойынша ақпан айынан бастап су тасқынының алдын алу жұмыстары тиянақты жүргізілуде. Арықтарды тазалау, өзендер арнасын кеңейту қолға алынған. Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Анатолий ШКАРУПА айтты.

Сенбіде жауған қарға байланысты ылғал қоры ұлғайды. Алайда, Шет, Жаңаарқа және Нұра аудандарында көктемгі су тасқынына қатысты жағдай бақылауда. Облыс аумағында су келу көрсеткіші төмендеуде. Ылғал қоры азайып барады. Жуырда жауған қардың көлеміне қарамастан жағдай қалыпты, – деді А.Шкарупа.

Синоптиктердің болжауынша, апта ортасына дейін түн салқын болса, күндізгі уақытта плюстік көрсеткішке дейін жоғарылайды. Сондықтан, қардың еруі баяу өтеді.

Қазір Нұра өзеніндегі судың қоры жауған жауынды есепке ала отырып, 248 млн. текше метрді құрайды. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш аса қауіпті емес.

Бүгінгі таңда Самарқанд су қоймасында 65 млн. текше метр бос орын бар. Су қоймасы 175 млн. текше метр су қабылдады, оның 149-ы шығарылды, – дейді «Қазсушаруашылығы» РММ Қарағанды облыстық филиалының директоры Дүйсембай Әбжанов. Анатолий Шкарупаның сөзіне сүйенсек, қалалар мен аудандардың әкімдері тұрақты түрде өздеріне қарасты аумақтардағы жағдай туралы есеп беріп отыр. Бұл уақтылы шешім қабылдап, жиналған суды жіберуге мүмкіндік береді.

Бұқар жырау ауданындағы ахуал туралы мәлімдеме жасаған ауданның ТЖ бөлімінің бас маманы Ш.Нұрсейітов:

Биылғы жылдың 24 және 26 наурызындағы Нұра өзенін тексеруде суды тежеуші 4 аймақ белгілі болды. Олар: Петровка ауылының жанындағы көпірдің маңы және Қарағанды-Павлодар тас жолы көпірінің алдында, сондай-ақ, Ғ.Мұстафин қонысы және Теміртау қаласы жолаушылар көпіріне жақын жерде екендігі анықталды. 132 келі жарылғыш заттарды қолданумен мұзды жару жұмыстары өткізілді. Өткізілген мұзды жару жұмыстары Нұра өзенінің арналарының су ағуы қарқынын арттыруға және еріген қар сулары мен мұздардың кедергісіз ағуына мүмкіндігін берді, – деді.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button