Бас тақырыпБасты тақырыпҚарқаралы
Қарқаралының «Бұғылы» аймағында туристік кешен салынады
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарқаралы ауданына сапары барысында «Бұғылы» рекреациялық аймағында болды. Мұнда 75 гектар аумақта заманауи туристік кешен салынады. Қазір қажетті инженерлік коммуникациялар – су, кәріз жүйесі, электр желілері мен байланыс инфрақұрылымы тартылуда.
«Бұғылы» табиғи оазисі Қарқаралы қаласына жақын орналасқандықтан Ұлттық табиғи паркке ұласады. Жобаны аяқтау келесі жылға жоспарланған. Оның жүзеге асуы туристер ағынын арттыруға мүмкіндік береді.
Аяулым СОВЕТ