Қарқаралылықтарға баспана кілті табысталды

«Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасының шарапаты аудандағы көпбалалы отбасыларды да қалыс қалдырмады. Мұндай отбасылардың жеке тізімі жасалып, ретімен баспаналы болуда. Жалпы, жыл бойы 21 отбасыға үй беру жоспарланса, жақында тағы 12 көпбалалы отбасы баспанаға қол жеткізді. Үйдің кілтін иелеріне аудан әкімі Халел Мақсұтов табыс етті.

– Баспана – басты мәселе. Бізде көпбалалы отбасымыз, жақында баспаналы болып қуанышқа кенелдік. Отбасымызбен төрт бөлмелі үйге қоныстандық. Баспанамыздың жағдайы өте жақсы. Еліміздің ертеңі, негізгі тірегі – жас ұрпақтың алаңсыз өсуіне жағдай жасап, халықтың әлеуметтік қажеттілігін қамтып отырған ел ағаларына алғыстан басқа айтарым жоқ. Қала басында, мен секілді көпбалалы отбасылар да тұрғын үйге ие болып, қуаныштары еселенуде, – дейді, қала тұрғыны, төрт балалы ана Виктория Деменко.

Арнайы талап бойынша берілетін үй жетпісінші жылдан кейінгі жылдары тұрғызылған үй болуы тиіс және ауданы 6070 шаршы метрден кем болмауы керек. Бүгінде 19 көпбалалы отбасыға баспана бұйырды. Осы орайда, республикалық бюджеттен 109 млн. облыстық бюджеттен 28 млн. аудандық бюджеттен 7 млн. теңге қаражат бөлінген.

Сонымен қатар, ауданда тұрғын үйге мұқтаж отбасыларға 72 пәтердің құрылысы жүргізілуде.

Сағыныш ӘБІЛ