Басты тақырыпҚарқаралы

Қарқаралыда – қызу еңбек


Қарқаралы ауданында екі айлық тазалық акциясына орай, апта сайын сенбілік шаралары өткізіліп келеді. Өткен сенбіде аудан орталығындағы бірнеше мекеме ұжымдарының қатысуымен «Сарыарқа» ұшқыштар мемориалы алаңына ағаш көшеттері отырғызылды.

Ағаш отырғызу шарасы алаң­ына «Бүкілқазақстандық орман отыр­ғызу күні» аясында жүзеге асты. Мемориал маңайына 50 түп қарағай, 50 түп алма ағашы егілді. Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің ұжымы ағаш көшеттерін отырғызуға үлкен көмегін жасап, қажетті суды жеткізіп берді.
Қаламызды абаттандыру, көрік­­тендіру бағытында жүзеге ас­ырылып жатқан сенбілік шара­сына қатысқан барлық меке­мелер өздеріне бекітілген жер­лерді тазалады. №2 орыс орта мектебінің 10-сынып оқушылары өз бастамаларымен орталық саябақ ішіндегі «Азалы ана» ескерткішінің маңайын тазартып, сырлап, көмек қолын созды. Бұл мектеп оқушыларының көтерген бастамасы Ұлы Отан соғысына қатысушы аталарымыздың ерлігіне көрсетілген үлкен құрмет екені сөзсіз.
Сенбілік жұмыстары әлі де жалғасын таппақ.

Данияр ЫДЫРЫСОВ.
ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button