АймақҚарқаралы

Қарқаралыдағы сенбілікке 100-ге жуық адам қатысты

Қарқаралыда алғашқы сенбілік өтті. Оған 100-ге жуық адам қатысып, 35 мың гектардан астам аумақты қоқыстан тазартты. Жиналғандар қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағын тазартып, жол бойын ретке келтірді. Нәтижесінде 200-ден астам қап қоқыс шығарылды.

Суреттер: облыс әкімдігінен

– Ауданда санитарлық тазарту айлығы басталды. Бірінші кезекте ҚТҚ полигонының жанындағы қоқысты тазарттық. Сенбілікке қатысқандарға Алғыс айтамын. Алдағы уақытта сенбілік барлық ауылда өтеді. Биыл Қарқаралыда жаңа ҚТҚ полигонының құрылысы басталады. Мен ауданның барлық тұрғындарын жерімізге ұқыпты қарап, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастамауға шақырамын, – деді аудан әкімі Әділжан Арғынов.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button