Бас тақырып

Қарқаралыда Мәди Бәпиұлы атындағы мешіттің ашылу салтанаты өтеді

Маусым айының 7-9 күндері аралығында Қарқаралыда Мәди Бәпиұлына құран бағышталып, ас беріледі. Бүгін командалық көкпар ойыны, сонымен қатар Мәди Бәпиұлының атына берілген жаңа мешіттің ашылуы өтеді. Үш күнге созылатын астың бірінші күнінде командалық көкпар ойыны өтеді. Түске таман баба есімі берілген үлкен мешіт ашылып, құран оқудан жарыс өтеді. Айта кетейік, командалық көкпар ойынына ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Президенті Геннадий Головкин жеке өзінің қаражаты есебінен 11 млн. теңге ұтысқа қойған. Сонымен қатар, аламан, топ, құнан бәйге секілді ұлттық ойын түрлерінен жарыс өткізіледі.

Сурет ұйымдастырушылардан

Командалық көкпар ойынында І орын үшін 5 млн. теңге, ІІ орын иеленген командаға – 3 млн. теңге бәске қойылған. Ал, ІІІ орын екі командаға берілмек. Қос команда 3 млн. теңгені өзара бөліспек.

8 маусымда жаппай көкпар болады. Мұнда әр салым үшін 100 мың теңге бәске қойылған. Жалпы – 50 салым болады деп күтілуде. Ал, көкпарды соңғы салымы «Өгіз өлдіге» – автокөлік ойнатылады.

9 маусымда таңертеңгісін 70 келі салмаққа дейінгі палуандар арасында қазақ күресінен турнир өтеді. Түстен кейін 3,5 шақырымдық – тай, 9 шақырымдық – құнан, 15 шақырымдық – топ бәйге, 25 шақырымдық – аламан бәйге өтеді. Осы күнгі бәйгеге үш автокөлік, бір мотоцикл ұтысқа қойылған. Сонымен қатар, ақшалай сыйлықтар да бар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button