Аймақ

Қарқаралыда ауыз су мәселесі шешімін таппақ

Бүгінде ауылдарда ауыз су мәселесін шешу жолында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қарқаралы ауданы аумағындағы Бүркітті, Теректі, Томар, Матақ елді мекендерінде  су құбырын салу және реконструкциялау жұмыстары жалғасуда.

 

Аудан халқын таза ауызсумен қамтамасыз ету жобасы аясында жалпы құны –  2,9 млрд. теңге болатын «Жарлы-Қарқаралы» топтық су жүйесі қала басындағы су мәселесін шешпек. Былтыр бөлінген 1,8 млрд теңге толықтай игеріліп, биыл ұлттық қордан 108 млн теңге, облыстық бюджеттен 400 млн теңге қаражат бөлінді.

Бүркітті елді мекеніне су құбырын салу жобасының құны 1,1 млрд теңге. 2022 жылы Ұлттық қордан бөлінген 794,3 млн. теңгенің 733,2 млн.теңгесі игерілді. 12,2 шақырым құбыр тартылды. Жобалау – сметалық құжатының түзетілуіне және мердігердің өндірістік жұмыс кестесінен артта қалуына байланысты 60,8 млн теңге игерілмеген. 2023 жылы облыстық бюджеттен 189,2 млн теңге ақша  қарастырылды. 

Теректі ауылына тыртылып жатқан су құбырын салу жобасының құны 522,3 млн.теңге. Өткен жылы  Ұлттық қордан 100,0 млн.теңге бөлініп, толық игерілді. Қазіргі таңда 12,1  шақырым құбырдың 8 шақырымы салынған.  Биыл ұлттық қордан 61,9 млн.теңге бөлінді.

Аудан орталығынан шалғайда орналасқан Томар ауылының ауыз су құбырларын реконструкциялау жобасының құны 310,4 млн.теңге. Биыл ұлттық қордан 248,3 млн. теңге және аудандық бюджеттен 10,0 млн.теңге берілді. Сонымен қатар, Матақ ауылындағы ауыз су құбырларын реконструкциялау жобасының құны 370,3 млн.теңгені құрады. Республикалық бюджеттен 124,4 млн. теңге, ұлттық қордан 171,9 млн. теңге қаражат бөлінді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button