Бас тақырып

Қарқаралыда баспасөз туры өтуде

Биыл Қарқаралы ауданында игі жұмыстар атқарылуда. Аудан абаттандырылып, әлеуметтік нысандар жөнделуде. Одан бөлек, жаңа демалыс орнын ашу да басты назарға алынған. Аудандағы осы атқарылып жатқан жұмыстарды көпшілікке насихаттау мақсатында Қарағанды өңірлік коммуникациялар қызметі баспасөз турын ұйымдастыруда. Баспасөз туры аясында аудан әкімі Әділжан Арғыновтың қатысуымен  көшпелі брифинг өтеді.

Суретті түсірген Е.КЕҢЕСБЕКҰЛЫ

Масс-медиа өкілдері бүгін таңмен таласа Қарқаралыға жолға шықты. Сапар барысында олар әуелі «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз» республикалық маңызы бар автожолдың құрылысымен танысады. Одан кейін, «Плотина» су қоймасына барып, халыққа арналған жағажай құрылысымен таныспақ. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Т.Аубакиров көшесіне, күрделі жөндеу жұмыстары өткен Ш.Жандарбекова атындағы мәдениет үйіне бару жоспарланған. Орталық стадионына да барып, «Қара төбе» аймағындағы су тоғанының абаттандыру жұмыстарын көріп қайтады. 

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button