АймақБас тақырыпБасты тақырыпҚарқаралы
Қарқаралыда алғаш “Жас сақшы” полиция сыныбы ашылды
Polisia.kz хабарлауынша Қарқаралы ауданындағы Әлімхан Ермеков атындағы орта мектепте “Жас сақшы” сыныбы салтанатты түрде ашылды.

Полиция қызметкерлерінің нысандық киімін киген 16 оқушы “Жас сақшы” сыныбына қабылданып, мектептің қоғамдық өміріне белсене араласуға, заң мен тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған салтанатты ант қабылдады.

Маңызды шараға Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұридин Дауылбаев, Қарқаралы аудандық полиция бөлімінің басшылығы, сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Нұржан Ильяшев қатысты. “Заң мен тәртіп” қағидаттарын атап, оны мектеп қабырғасынан баланың санасына сіңіру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



