АймақҚарқаралы

Қарқаралы туралы әндер кеші шақырады

Алаш ардақтыларының алтын алтын бесігі болған қасиетті мекеннің тарихы бай, сыры терең. Осынау сұлу өлкенің таңғажайып табиғаты талай ақынның көкейінен жыр болып, талай әншінің көмейінен ән болып төгілді! Мүшәйраның жөні бөлек, аудандық мәдениет бөлімі жазғытұрым Арқаның алтын тәжі Қарқаралыға арналған ән кешін өткізуді жоспарлап отыр.

Сурет: Автордан

Кеште Мәди Бәпиұлы, Шәмші Қалдаяқов, Кенжебек Күмісбеков, Ілия Жақанов, Ескендір Хасанғалиев сияқты композиторлардың әндері шырқалады. Негізі, қазіргі уақытта Қарқаралы туралы елге танымал отыз шақты ән бар екен. Мәдидің «Қарқаралы», Лензехан Досмақов пен Сапарғали Ләмбековтің «Қарқаралы вальсі», Қанат Мерсалимов пен Серік Ақсұңқарұлының «Қарқаралы – Арқадағы Гүлстан» әндерін бүгінде барша қазақ біледі десек болады. Қарқаралы туралы үлкен сахнадан айтылмаған әндер де баршылық. Ел ішіндегі өнер иелері өмірге әкеліп, әлі көпшілікке таныла қоймаған әндердің барына күмән жоқ. Ән туса да, орындаушысын таппай жатуы ғажап емес. 

Қарқаралының қасиеті мен әсемдігін жырлайтын, әлі таныла қоймаған әндер болса, Қарқаралы ауданының мәдениет бөлімі қуана қолдау көрсетеді. Ол үшін осы бөлімге сәуір айына дейін хабарласу қажет. Ән авторлары мен орындаушылары Қарқаралы туралы әндер кешіне шақырылады. Және осы шараға ұсынылған әндердің жинағы шығарылады.

Қарқаралы туралы ән кешіне авторлары шақырылады және ұсынылған әндер жинағы шығарылады. «Ел іші – өнер кеніші» деген емес пе, халық арасында осы кешті күтіп жүрген өнер иелері табыларына кәміл сенеміз.

Болатбек ӘШІМҰЛЫ

Қарқаралы ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button