Бас тақырып
Қарқаралы тауларынан төрт турист құтқарылды
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, төрт турист «Шайтанкөлге» барамыз деп адасып кеткен.

Олар тауға шығып, құтқару қызметін шақырады. Құтқарушылар тепловизоры мен түнгі камерасы бар ұшқышсыз ұшатын аппараттың көмегімен көрсетілген жерге жедел жетіп, «Берлога» демалыс аймағынан төрт шақырым жерде жоғалған адамдарды табады.
Құтқарылғандар медициналық көмекке жүгінбеген.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.



