Бас тақырыпРесми

Қарқаралы ауданының әкімі тағайындалды

Қарқаралы ауданының әкімі болып Әділжан Арғынов тағайындалды.

Әділжан Арғынов бұл тағайындауға дейін осы аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Оның кандидатурасы Президент Әкімшілігімен және аудандық мәслихат депутаттарымен келісілді.
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, әкім лауазымына кандидатурасын ұсынды. Депутаттар оны қолдады.

Әділжан Арғынов еңбек жолын 2007 жылы Қарқаралы қаласындағы орта мектеп мұғалімі болып бастаған.

Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді.

2015 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде сарапшыдан шағын және моноқалаларды дамыту басқармасының басшысына дейінгі жол өтті.

2022 жылдың шілдесінен бастап осы тағайындауға дейін Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button