АймақБас тақырып
Қарқаралы ауданында су тасқынына қарсы жұмыстар атқарылуда
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Қарағанды облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Қарқаралы ауданында су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында өзендердегі мұз қабатын ұсақтау бойынша жоспарлы жарылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыстар мұз кептелісі қаупі жоғары учаскелерде атқарылуда. Қабылданған шаралар еріген сулардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге және елді мекендерді су басу қаупін азайтуға бағытталған.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



