Бас тақырыпБасты тақырып

Қарқаралы ауданында сирек кездесетін жер металдарының кен орны анықталды

Қарқаралы ауданында Құйрықтыкөл деген ірі сирек кездесетін жер металдарының кен орны орналасқан. Іздеу-қазба жұмыстары жақында аяқталды . Болжамдық қор көлемі 28 млн тонна деп бағаланып отыр. Бұл алаңды игеру Қазақстандағы пайдалы қазбаларды пайдалану саласының дамуына жаңа серпін беруі мүмкін.

Сурет baq.kz

– Аймақтың кен байлығын ескере отырып, шетелдік компаниялар барлау жұмыстарын жүргізуде. Бұл минералды-шикізат базасын кеңейтіп, сирек кездесетін және қымбат металдарды қайта өңдеуге арналған жаңа өндірістерді салуға мүмкіндік береді. Мысалы, Құйрықтыкөл кен орнында геологиялық барлау жұмыстары аяқталды. Сирек кездесетін жер металдарының болжамдық қоры – 28,2 млн тонна. Алтын, мыс және вольфрамның әлеуеті зор кен орындары анықталды, – деді облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

 

Басқа материалдар

Back to top button