Қарқаралы ауданында орман қоқысы өртенді
Кеше, 31 шілдеде сағат 14.32-де Қарқаралы қаласынан 10 шақырым жердегі ұлттық табиғи паркінің аумағында 1,1 га алаңда орман қоқысы жанды. Өрт сағат 16.15-те оқшауланды.
Өртті сөндіруге ТЖД, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, ерікті өртке қарсы құрылымдардың, «Қазавиақорғау» күштері мен құралдары жұмылдырылды. Таулы, адам бара алмайтын жерлерде өртті сөндірудің күрделілігіне байланысты «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы тартылды. 24 рет 72 тонна шамасында су төгілді. Қазіргі уақытта қарауылдау жұмыстары жүргізілуде.
Өткен тәулікте Қарағанды облысының аумағында далада құрғақ шөптің 7 рет жануы жойылды: Бұқар жырау ауданының Корнеев ауылдық округінде 7 га алаңда, Осакаров ауданының Маржанкөл ауылдық округінде 1 га алаңда, Абай ауданының Құлайғыр ауылдық округінде 10 га алаңда, Шет ауданының Ақшатау кенттік округінде 11 га алаңда, Қарқаралы ауданының Нұрмақов ауылдық округінде 45 г алаңда, Абай ауданының Дзержинский ауылдық округінде 30 га алаңда және Ақтоғай ауданында Айыртас ауылдық округінде 30 га алаңда.
Абай ауданының Дзержинский ауылдық округінде және Нұра ауданының Талдысай ауылдық округінде құрғақ шөптің екі ошағы бақылауда қалып отыр. Жоюға ТЖД, ЖЗҚ, «КӘАҚҚ» РО, «Қазмарғанец» кен басқармасы және Талдысай ауылының өрт сөндіру бекетінің күштері жұмылдырылды. Жану аумағы белгіленеді.
Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады:
– Орман және дала алқаптарында от жағуға және басқа да өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге жол бермеңіз.
– Жанып тұрған сіріңкелер мен темекі тұқылдарын, соның ішінде автомобиль жолдарының бойына тастамаңыз.
– Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz