Ресми
Қарқаралы аудандық коалиция мүшелері тұрғындармен кездесті
Қарқаралы аудандық коалиция мүшелері Конституция жобасын түсіндіру бойынша Тәттімбет ауылдық округіне қарасты Ақтасты ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған өзекті мәселелерді ашық айтып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Сондай-ақ, Қарқаралы аудандық мәслихат депутаты Диас Олжатайұлы ауыл тұрғындарымен кездесіп, Конституция жобасындағы өзгерістерді талқылады. Кездесу барысында тұрғындарға реформалардың маңызы түсіндірілді.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



