Руханият

Арқада театр фестивалі басталды

С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында КСРО-ның Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ұлттық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Қалибек Қуанышбаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Сын – шын болсын» атты II республикалық театр фестивалінің ашылу салтанаты өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Өнер мерекесі С.Сейфуллин театрының әртістері дайындаған көрініспен басталып, қызыл кілемде еліміздің түкпір-түкпірінен сонымен қатар, алыс-жақын шет елден келген сахна саңлақтарын қарсы алумен жалғасты.

Елордадан арнайы келген абыз актер атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры фестиваль бағдарламасынан тыс М.Әуезовтің «Абай» драмасын көрермен назарына ұсынды.


19-24 қыркүйек арасында өтетін өнер мерекесіне еліміздің ең беделді 9 театрының әртістері қатысады деп жоспарлануда.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button