Руханият

Арқа төрінде – әлемдік классика

Музыка салтанат құрды. Кеншілер қаласындағы «Шалқыма» концерт залында Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтті.

Сурет Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктен

Концерттің солисті – халықаралық байқаулардың лауреаты Бекзат Рақымов. Ол Мәскеу қаласынан арнайы келді.

Классикалық музыканың өрелі тыңдарманы Карл Мария фон Вебердің «Сиқырлы атқыш» операсының увертюрасын тыңдады. Сонымен қатар, Людвиг ван Бетховеннің фортепианомен орындалатын оркестрлік туындылары орындалды. Франц Шуберттің де әлемдік деңгейдегі классикалық симфония­лық шығармалары шарықтады.

Ал, дирижерлік жасаған – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Петр Грибанов.

Мұндай деңгейдегі концертті кеншілер шаһарының жұрты сағынса керек, зал лық толды. Сахнадағы өнерпаздар гүл шоқтарының астында қалды. Скрипка мен фортепианоның үні жаңғырған Еуропадағы зәулім сарайлардағы салтанатты кештердің аурасы сезілді. Мәскеуден арнайы келген Бекзат Рақымов сахнада тұрып керемет әсер алғанын жеткізді.

– Қарағанды – жүрегіме жақын шаһар. Мұнда өнерді түсінетін, өз биігінде бағалайтын арманы тірі адамдар тұрады деп есептеймін. Бүгін де соған көзім жетті. Қасиетті өнер жасасын! Баршаңызға алғысым шексіз! – деді Бекзат Рақымов.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button