Бас тақырыпСпорт

Арқа атлеттерінің абыройы

Қарағандының төрт бірдей атлеті X Азия чемпионатында алтын алып, Азия чемпионы атанды. Бұл – аймағымыз үшін ауыз толтырып айтар абырой. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жеңімпаз спортшыларды құттықтап, олардың әрқайсына 1 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

Суретті түсірген Еркебұлан ХАДЫЛБЕК

Аталмыш Азия біріншілігі алғаш рет Қазақстанда өтті. Төрткүл дүниенің 31 елінен жиналған 500-ден астам саңлақтар бақ сынасқан сын тартысты болды. Үш күнге созылған сайыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы II орында тұр. Ал, Республика бойынша алты алтын медальдің төртеуін қарағандылықтар жеңіп алған. Атап айт¬сақ, Давид Ефремов, Вячеслав Земс, Аделина Земс және Кристина Кондрашова.

– Қарағандының жеңіл атлетика мектебі әрдайым жақсы болған. Бұл – барлығына қолжетімді спорт. Бүгінде көптеген балалар тегін жаттығады. Сіздердің ерекше нәтижелерге қол жеткізгендеріңіз ел мақтанышына айналды. Сондай-ақ, спортқа жаңа келген спортшыларға үлгі болдыңыздар. Мұнымен тоқтамаңыздар, алға ұмтылыңыздар! Ал, біз өз тарапымыздан сіздерге барлық жағынан қолдау көрсетеміз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері 24 жастағы Давид Ефремов 60 метрге кедергілермен жүгіруде бас бәйгені жеңіп алған.

– Менде екі рет алдын ала жүгіруде фальстарт болған кезде ғана қиындықтар болды. Ол менің кінәм емес деп ойлаймын. Сондықтан, ішкі толқуымды жеңіп, жеңіске жеттім. Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған жеңіл атлетикадан халықаралық турнирге қатысу және жазғы маусымға дайындық жоспарлануда. Менің басты арманым – Олимпиада ойындарында өнер көрсету, – деді Давид Ефремов.

Кез келген спортшының же¬ңісі – қашанда жаттықтырушының жемісі. Сол секілді жеңімпаз спортшылар бапкерлерінің еңбегін атап айтпасқа болмас. Дәл осы Давидтің жетістігінің артында жаттықтырушы Николай Барсанов тұр.

– Дайындық жақсы болды. Жеңіске жетуде жаттығудың атқарар міндеті басым. Давид – әрине, дарынды жігіт, өзін батыл және табанды көрсетті. Бүгінгі кездесу – бұл біздің еңбегімізді, жетістіктерімізді бағалау. Өз елім мен қалам үшін мақтаныш сезімін оятады. Алдағы болашаққа үміт пен сенімділік арта түсті, – деп атап өтті Николай Барсанов.

Сонымен қатар, қарағандылық Вячеслав Земс, Михаил Литвин, Эльнор Мұхитдинов және Андрей Соколовпен бірге 4×400 метрлік эстафетада Қазақстанға жеңіс әкелді. Бұл квартет елдің жаңа рекордын орнатты.

Сол эстафетада тек әйелдер арасында бірінші болып қарағандылық Аделина Земс пен Крис¬тина Кондрашова шықты. Қарағанды жеңіл атлетика мектебінен атойлап шыққан жаңа Азия чемпиондарының бағын енді Париж-2024 Олимпиадасында сы¬найтын боламыз.

Жан АМАНТАЙ.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button